Article Banner

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕГІ АС ҚОРЫТУ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ. НЕНІ БІЛУ МАҢЫЗДЫ?

Салауатты ас қорыту — сәби өмірінің алғашқы минуттарынан бастап күшті иммунитеттің, үйлесімді өсу мен дамудың кепілі. Өмірінің алғашқы айларында ас қорыту жүйесі енді ғана қалыптасады, сондықтан аналар нәрестенің іш шаншуы және басқа да іш проблемаларына тап болуы мүмкін. Жасөспірімдік кезеңде де ас қорыту проблемалары жиі кездесуі мүмкін1.

Image

БАЛАЛАРДА АС ҚОРЫТУ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Ас қорыту процесі — күрделі, көп компонентті механизм, ол тек асқазан – ішек жолының жағдайына ғана емес, сондай-ақ тамақтану әдеттеріне де байланысты.

Балалар мен жасөспірімдерде ас қорыту проблемаларының негізгі себептері көбінесе мыналар болуы мүмкін1:
 

  • дұрыс тамақтанбау,
  • тағамдық аллергиялық реакциялар,
  • ішек инфекциялары,
  • тамақтан улану.
Child Image

НӘРЕСТЕЛЕРДЕГІ АС ҚОРЫТУ

Бала өмірінің алғашқы айларында ас қорыту бұзылыстары көбінесе ферменттердің, соның ішінде тамақ компоненттерін ыдыратуға және қорытуға көмектесетін арнайы заттар — ферменттер шығаруға жауап беретін ұйқы безінің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты болуы мүмкін. Бұл шаншуға, іш кебуге, нәжісте қорытылмаған тамақ бөлшектерінің пайда болуына, нәрестенің жайсыз сезінуіне әкелуі мүмкін 1.

Puree image

Рационға қосымша тағамдар енгізу кезіндегі аллергиялық реакциялар нәрестелердегі ас қорыту бұзылысының тағы бір себебі болуы мүмкін. Терідегі қызару мен аллергиялық бөртпелер ішектегі қабынумен қатар жүруі мүмкін, бұл ас қорыту ферменттерінің бұзылуына, олардың шығарылуының төмендеуіне және нәтижесінде ас қорытудың бұзылуына әкеледі1.

Сондай-ақ тамақтан улану немесе ішек инфекциясы кезінде ішекте пайда болатын қабыну да ферменттер бұзылуының артуына, олардың шығарылуының төмендеуіне және нәтижесінде тамақтың ыдырауы мен оны сіңірудің бұзылуына әкелуі мүмкін1. Инфекцияны жеңгеннен кейін де асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз симптомдар сақталуы мүмкін: іш желдену, шұрылдау, жайсыздық, нәжістің бұзылуы (әдетте диарея) және т.б.

ӨЗІН НЕ МАЗАЛАЙТЫНЫН НАҚТЫ ТҮСІНДІРЕ АЛМАЙТЫН СӘБИЛЕР МЕН ЖАС БАЛАЛАРДА МЫНАЛАРҒА НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ1:

  • Енжарлық
  • Салмақтың өзгеруі
  • Қыңқылдау, жылауықтық
  • Үлкен дәрет проблемалары
  • Баланың бұрын жақсы
    жеген тағамынан бас тартуы
  • Үлкен дәрет проблемалары
Pill Image Ас қорыту ферменттерінің жетіспеушілігімен байланысты жағымсыз
симптомдарға әсер ету үшін ферментті препараттарды қолдануға болады.

ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕГІ АС ҚОРЫТУ ТУРАЛЫ

Жасы ұлғайған сайын баланың тамақтануын бақылау қиынға соғады. Психогендік фактор да үлкен рөл атқарады. Мектептегі жеңіл тамақтану, фаст-фуд, түрлі снектер, майлы, тәтті немесе ащы тағамдар, тәтті газдалған сусындар гастритке және асқазандағы ғана емес, ішектегі де қабыну процесі — гастродуоденит сияқты проблеманың пайда болуына әкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде ас қорыту ферменттерінің бұзылысын тудыруы ықтимал1.

Teen Image
Probiotics Image Ас қорыту ферменттері — бұл көмірсуларды, ақуыздар мен
майларды ыдырату арқылы кейіннен ағзаға сіңіруге арналған
қосылыстардың ерекше түрі.

АС ҚОРЫТУ ФЕРМЕНТТЕРІНІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ КЕЗІНДЕ
БОЛУЫ МҮМКІН ШАҒЫМДАР1:

  • Нашар тәбет
  • Асқазанды кернеу сезімі
  • Іштің кебуі, ішектің
    шұрылдауы
  • Тамақтанғаннан кейін асқазандағы
    ауырлық немесе жайсыздық
  • Әлсіздік, шаршаудың артуы
  • Диареяға бейімділік
Digestion Child

Гастродуоденит сияқты мәселе ас қорыту ферменттерінің жетіспеушілігін тудыруы мүмкін. Кейбір мәліметтерге сәйкес, дуоденит ≈60% жағдайда фермент жетіспеушілігімен қатар жүруі мүмкін2. Гастродуоденит ішектегі қабыну процесімен қатар жүреді, ал кез келген қабыну ағзадағы ферменттер бұзылуының артуына және олардың шығарылуының төмендеуіне әкелуі мүмкін1.

Осылайша, ағзада ферменттер жеткілікті мөлшерде шығарылса да, олардың жетіспеушілігі пайда болуы мүмкін.

Алғашқы себеп ретінде қабынуды жою, сондай-ақ баланың ас қорыту жүйесін ферменттік препараттармен қолдау оңтайлы тактика болуы мүмкін1.

Тағамдық аллергиялық реакциялар ферменттер әрекет ете бастайтын ішектегі қабынудың тағы бір себебі болуы мүмкін1. Қабыну ферменттердің жұмысын бұзуы мүмкін, нәтижесінде тағамның қорытылу мен сіңірілу сапасына әсер етеді.

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АС
ҚОРЫТУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ

Балалардағы ас қорыту бұзылыстарын емдеу кешенді болуы керек. Ол мыналарды қамтиды1:

  • Рационды түзету,
    диета құру

  • Өршітуші факторларды жою
    және қосарласқан ауруларды емдеу

  • Жағымсыз симптомдарды жою
    үшін панкреатиндік ферменттер қабылдау (егер олар жетіспесе)

Бала есейген сайын ата-анасы оған ересек адам ретінде қарайды және ас қорыту проблемалары пайда болған кезде, өздері қолданатын немесе үйдегі дәріқобдишада бар дәрі-дәрмектерді қолдануы мүмкін. Бұл дәстүрлі таблетка болуы мүмкін, себебі оны қабылдау әдеті ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді.
Алайда ас қорыту ферменттерін зерттеу бір орында тұрмайтынын бәрі біле бермейді. Құрамында панкреатин бар ас қорытуды жақсартуға арналған препараттар эволюциясы бірнеше кезеңнен өтті: таблеткадан бастап ұсақ түйіршіктер — минимикросфераларға дейін.

Бұл қалай болды? Ферменттік препараттарды ұзақ жылдар бойы зерттеу барысында
ғалымдар ферменттік препараттың тиімді болуы үшін қандай шарттарды
сақтау керектігін анықтады3,4.
  1. Ең маңыздысы — өте ұсақ бөлшектердің болуы3,4.

    Arrow

    Бөлшектердің көлемі ферменттік препараттың тиімділігін анықтайтыны дәлелденді3,4. Дәл осы себепті таблетка түріндегі препараттар ескірген болып саналады және Еуропа мен әлемнің басқа да елдерінде мүлдем дерлік қолданылмайды.

  2. Асқазанда ыдырамау3.

    Arrow

    Асқазан сөлі фермент үшін зиянды. Егер препараттың қорғаныш қабығы болмаса немесе ол жойылса (мысалы, таблетканы ұсақтаған кезде), онда белсенді зат асқазанда ыдырап, ешқандай әсер етпеуі мүмкін.

  3. Асқазандағы тамақпен біркелкі араласу3,4.

    Arrow

    Дәл осы мақсат үшін ұсақ бөлшектер қажет. Асқазанға енгеннен кейін, олар кейінірек тамақтың қорытылуына көмектесу үшін оның бүкіл көлемі бойынша біркелкі тарала алады. Препарат бөлшектері қаншалықты көп көлемді қамтыса, ағзаға соғұрлым көп көлемді өңдеуге көмектеседі3.

  4. Тамақтың әр бөлігімен бірге ішекке ену3,4.

    Arrow

    Шындығында, ферменттік препараттар көпшілігі ойлағандай асқазанда емес, ішекте жұмыс істейді. Ішекте ас қорытудың негізгі кезеңі жүреді. Тамақпен біркелкі араласуына байланысты препараттың бөлшектері асқазаннан ішекке дейін тамақпен бірге жүреді.

  5. Ішекте тез белсендірілу5,6.

    Arrow

    Егер препарат тез белсендірілсе, онда ас қорыту процесі толығымен жүріп, тамақ ішек бойымен қозғалу кезінде ағзаға барлық қажетті қоректік заттарды бере алады.

ДЕРЕККӨЗДЕР

  1. Бельмер. С.В., Разумовский А.Ю., Хавкин А.И., Корниенко Е.А., Приворотский В.Ф. Балалардағы ұйқы безінің аурулары. М.: «Медпрактика- М» баспа үйі, 2019, 528б.
  2. Schappi MG et al. Faecal elastase 1 concentration is a marker of duodenal enteropathy. Arch Dis Child. 2002; 86: 50-53.
  3. Лер М. және бірл. авт. Ұйқы безінің экзокринді жеткіліксіздігінде қолданылатын әртүрлі панкреатин препараттарының қасиеттері. Еуропалық Журнал Гастроэнтерология, Гепатология 2009; 21 (9):1024-31.
  1. Лер М. және бірл. авт. Созылмалы панкреатитті диагностикалау және емдеу бойынша біріккен Еуропалық гастроэнтерологиялық қауымдастық (HaPanEU) ұсыныстары. Бірл.еуропалық гастроэнтерология журналы, 2017 Маг;5 (2):153-199.
  2. Keller J, Layer R. human pancreatic exocrine response, to nutrients in health and disease. Gut 2005;54 (Suppl 6): vil-28.10.1136/gut.2005.065946.
  3. Губергриц Н.Б., Ферменттік препараттардың терапиялық мүмкіндіктерін кеңейту: таблеткадан Креон минимикросфераларына дейінгі прогресс,«РМЖ» 19.12.2004 ж. №24 1395-б.

ҚОЛДАНУҒА ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР

ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСЫҢЫЗ НЕМЕСЕ МАМАННАН КЕҢЕС АЛЫҢЫЗ