ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
Осы Дербес деректерді өңдеуге қатысты саясат (бұдан әрі — Саясат) Abbott компаниясының еншілес компаниялары мен филиалдарын (бірлесіп Abbott деп аталады) қоса алғанда, Abbott компаниясы бақылайтын веб-сайттарға Сіз ұсынатын құпия ақпаратты қалай өңдейтінін және қорғайтынын түсіндіреді (осы Саясатқа сілтеме жасайтын бөлімшелері мен филиалдарын қоса алғанда (бірлесіп Abbott компаниясының веб-сайттары деп аталады). Арнайы нұсқаулар болмаған жағдайда, осы Саясат Сізден интернет арқылы емес алынатын дербес деректерге, осы Саясат қолданылмайтын Abbott компаниясының веб-сайттарына немесе Abbott компаниясының веб-сайттары өзара байланысты болуы мүмкін үшінші тұлғалардың веб-сайттарына жатпайды. Сіздің Abbott компаниясының веб-сайттарын пайдалануыңыз осы Саясаттың және Онлайн пайдалану шарттарының әрекетіне жатқызылады.
Abbott компаниясының веб-сайттарын пайдалану алдында немесе дербес деректеріңізді біздің иелігімізге бермес бұрын осы Саясаттың ережелерімен танысыңыз.
Осы Саясат аясында қолданылатын «дербес деректер» термині нені білдіреді?
«Дербес деректер» — бұл Сіздің жеке басыңызды анықтауға мүмкіндік беретін немесе осы мақсатта пайдалануға болатын бізге Abbott компаниясының веб-сайттары арқылы берілген және/немесе осы веб-сайттардың көмегімен жиналған ақпарат. Дербес деректерге Сіздің атыңыз, пошталық мекенжайыңыз, электронды пошта мекенжайы және телефон нөмірі кіреді.
Abbott компаниясы ақпаратты онлайн түрде қалай жинайды?
Abbott веб-сайттар арқылы ақпарат жинауды екі жолмен жүзеге асырады:
· Сіз ұсынатын дербес деректер:
Abbott компаниясы Сіз Abbott компаниясының веб-сайттарында деректер өрістеріне енгізетін дербес деректерді жинауды жүзеге асырады. Мысалы, сіз белгілі бір тақырып бойынша ақпарат алу, Abbott бағдарламаларына тіркелу, Abbott компаниясының тұтынушылар қызметімен байланысу не Abbott жүргізетін сауалнамаларға жауап беру үшін өз атыңызды, пошталық мекенжайыңызды, электрондық пошта мекенжайын және/немесе басқа ақпаратты көрсетуіңіз мүмкін. Сіздің дербес деректеріңізді қорғау мақсатында, егер мұндай ақпарат арнайы сұралмаса, ешқандай ақпарат бермеуге кеңес береміз.
Сондай-ақ, сіз бізге басқа қызмет жеткізушілері қол жеткізе алатын белгілі бір дербес ақпаратқа қол жеткізуге рұқсат беруіңіз мүмкін. Мысалы, сіз өзіңіздің Facebook немесе Google есептік жазбаңызды Abbott есептік жазбасымен байланыстыруыңыз мүмкін, бұл бізге сол есептік жазбалардан ақпарат (мысалы, достарыңыздың тізімі немесе байланыс деректері) алуға мүмкіндік береді. Біз осы қызмет жеткізушілерінен алатын ақпарат көбінесе сіздің жекешелік параметрлеріңізге не провайдердің құпиялылық саясатына байланысты болады, сондықтан бізге қолжетімділік бермес бұрын осы ережелер мен параметрлерді тексеріңіз. Сіз осы қызмет жеткізушілерінің (әлеуметтік желілердің) кез келген әрекеттері немесе олқылықтары үшін біздің жауап бермейтінімізге келісесіз. Егер Сіз бізге осы ақпаратқа қол жеткізуге рұқсат берсеңіз, біз оны дербес деректерді өңдеуге қатысты осы Саясатта сипатталған мақсаттар үшін пайдаланамыз.
· Сәйкестендірілмейтін ақпаратты пассивті жинау:
Abbott компаниясының веб-сайттарында сіздің Abbott веб-сайттарына кіруіңіз туралы ақпарат, мұндай ақпаратты Сіз ұсынбасаңыз да, жиналуы мүмкін. Сәйкестендірілмейтін ақпаратты мына әдістер көмегімен алуға болады: — cookies файлдары және веб-маяк файлдары сияқты әртүрлі әдістер. «Cookies» дегеніміз веб-сайттан компьютеріңіздің қатты дискісіне жіберілетін шағын мәтіндік файлдар болып табылады. Файлдық веб-маяктар (GIF files, pixels немесе Internet tags деген атаумен де белгілі) Abbott компаниясына браузеріңіздің бірегей «cookie» файлдарын тануға көмектеседі. Сіздің интернет-браузеріңіз автоматты түрде Abbott веб-сайттарына белгілі бір сәйкестіндірілетін ақпаратты жібереді, мысалы, сіз кірген веб-сайттың URL мекенжайы және сіздің компьютеріңіз пайдаланатын браузер нұсқасы. Ақпаратты автоматты түрде жинау технологиясы Abbott компаниясының веб-сайттарын пайдалануыңызды жеңілдетуге көмектеседі, бұл Abbott компаниясы қызметтерінің сапасын жақсарту, Abbott компаниясының веб-сайттарын сіздің айрықша қалауыңызға бейімдеу, статистикалық мәліметтерді жинау, үрдістерді талдау және Abbott компаниясының веб-сайттарын басқару мен жетілдірудің басқа аспектілері арқылы жүзеге асырылады. Abbott компаниясының веб-сайттарындағы кейбір операцияларды автоматты түрде ақпарат жинау технологиясын қолданусыз орындау мүмкін емес. Осы технологияларды пайдалана отырып жиналған ақпаратты, егер Сіз қосымша сәйкестендіретін ақпарат бермесеңіз, дербес деректеріңізді анықтау үшін пайдалану мүмкін емес; Abbott компаниясы сәйкестендіруші ақпаратты ұқсас пассивті қадағалау әдістерін қолдану барысында алынған ақпаратпен салыстыруды жүргізбейді. Қадағалау әдістерін шектеуге немесе өшіруге қатысты төмендегі «Менің дербес деректерімді Abbott компаниясының жинауы мен пайдалануына байланысты қандай таңдау мүмкіндіктерім бар?» деген бөлімді қараңыз.
Abbott компаниясы қандай жағдайларда және қандай мақсаттар үшін дербес деректерді жинай және пайдалана алады?
Abbott компаниясы Сіздің сұрақтарыңызға жауап беру және сізге тұтынушы ретінде сапалы қызмет көрсету үшін Abbott компаниясының веб-сайттары арқылы Сіз ұсынған дербес деректерді пайдалана алады. Сіз дербес деректеріңізді Abbott веб-сайтындағы нысанға немесе деректер өрісіне енгізгеннен кейін, Abbott компаниясы Abbott веб-сайтына Сіздің жеке қалауыңыз туралы ақпаратты, мысалы, сіз жиі кіретін Abbott веб-сайтының бөлімдерін «есте сақтауға» мүмкіндік беретін белгілі бір сәйкестендіру технологияларын, сондай-ақ қалауыңыз бойынша Сіздің пайдаланушы идентификаторыңызды пайдалана алады. Біз сіздің дербес деректеріңізді тек басқа іскерлік мақсаттар үшін, мысалы, Abbott өнімдеріне немесе қызметтеріне қатысты жаңалықтарды алу, өнімдеріміз туралы сауалнамаларға қатысуға шақыру немесе арнайы жарнамалық акциялар туралы хабарлау мүмкіндігін беру үшін пайдаланатын боламыз (Сіз осы сияқты ұсыныстарға қызығушылық танытатыныңызды бізге алдын ала хабарлаған жағдайда).
Abbott компаниясы дербес деректерді біріктіре ме?
Abbott компаниясы Abbott веб-сайттарына кіретін пайдаланушылардың дербес деректерін біріктіре алады. Сонымен қатар, біз ақпаратты сәйкестендірілмейтін түрде (жиынтық немесе анонимді деректер) біріктіре аламыз, бұл біздің зерттеушілік қызметімізді жақсарту және бизнес-міндеттерді жүзеге асыруға ықпал ету мақсатында Abbott компаниясының веб-сайттары мен Abbott компаниясы өнімдерінің дизайнын оңтайландыруға көмектеседі.
Менің дербес деректерімді Abbott компаниясының жинауы мен пайдалануына байланысты қандай таңдау мүмкіндіктерім бар?
Егер Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді Abbott веб-сайттарындағы нысандарға немесе деректер өрістеріне енгізбеуді шешсеңіз, Abbott сізден алатын дербес деректер мөлшері мен сипатын шектей аласыз. Біздің кейбір онлайн қызметтеріміз сізге тиісті дербес деректеріңізді ұсынған жағдайда ғана ұсынылуы мүмкін. Abbott веб-сайттарының басқа бөлімдерінде Сіздің қызығушылығыңызды тудыруы мүмкін ұсыныстар, жарнамалық акциялар мен қосымша қызметтер алу үшін байланыс деректері тізіміне енгізуге мүдделілігіңіз туралы сұрақ қоюылуы мүмкін. Сонымен қатар, сізге қалауыңыз туралы сұрақтар қойылуы немесе артықшылық өрістері болуы мүмкін, бұл сізге сайттарға келесіде кіру кезінде дербес деректеріңізді «есте сақтау» үшін Abbott веб-сайттарының қадағалау технологиясын (мысалы, «cookies» файлдар, пайдаланушы идентификаторы немесе пошта мекенжайы) пайдаланбауын қалайтыныңызды көрсетуге мүмкіндік береді. Алайда, сәйкестендірілмейтін ақпаратты жинауға арналған қадағалау технологиясын қолданатын Abbott веб-сайттары Сізге қадағалау технологиясын пайдаланудан бас тартуға мүмкіндік бермейді. Кейбір интернет-браузерлер сәйкестендірілмейтін ақпаратты жинайтын қадағалау технологияларын пайдалануды шектеуге немесе өшіруге мүмкіндік береді.
Менің дербес деректеріме кім қол жеткізе алады?
Дербес деректер Abbott компаниясының шектеулі қызметкерлер санына, Abbott компаниясы бірлесіп қандай да бір бағдарламаларды жүзеге асыратын кейбір компанияларға және Abbott компаниясымен келісімшарт жасаған не іскерлік белсенділік жүзеге асырылатын үшінші тұлғаларға қолжетімді. Бұл ретте біз қызметкерлеріміздің осы Саясатты сақтауын қамтамасыз етеміз және оларға сіздің дербес деректеріңізді өңдеу, қауіпсіз басқару және бақылау тәсілдерін үйретеміз. Мұнымен қоса, Abbott компаниясының жалпы ережесі бағдарламаға тіркелуге, басқа компаниямен бірлесіп жүргізілетін және Сіздің дербес деректеріңізге қол жеткізуді талап етуі мүмкін басқа қызметке қатысуға Сіздің келісіміңізді алу болып табылады (егер қолданыстағы заң осыны талап етсе). Бұдан бөлек, Abbott компаниясының ережесі контрагенттерге дербес деректердің құпиялылығын сақтау және Abbott компаниясына қызмет көрсету шеңберінде дербес деректерді пайдалану туралы талаптар қою болып табылады.
Abbott компаниясы дербес деректерді үшінші тұлғаларға бере ме?
Саясатта арнайы белгіленген жағдайларды қоспағанда, Abbott компаниясы Сіздің дербес деректеріңізді егер Сіз оларға беруге келісім бермесеңіз, үшінші тұлғаларға бермейді. Abbott компаниясы үшінші тұлғалардың қызметкерлеріне Сіздің дербес деректеріңіздің құпиялылығын сақтау туралы және мұндай дербес деректерді тек Abbott компаниясының тапсырмаларын орындау шеңберінде және Abbott компаниясының нұсқауларына сәйкес пайдалану туралы талап қояды. Сонымен қатар, Abbott компаниясы мемлекеттік органдардан немесе қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес басқа негіздер бойынша ақпарат беру туралы сұранымға жауап ретінде сіздің дербес деректеріңізді ашу құқығын сақтайды. Abbott компаниясы өзінің өнім желілерінің немесе бөлімшелерінің бірін сататын жағдайда, ол сатып алушы сізге ақпарат пен қызметтерді ұсынуды жалғастыра алуы үшін Сіздің дербес деректеріңізді сіздің келісіміңізбен ғана сатып алушыға береді (егер бұл қолданыстағы заңнамада талап етілсе).
Abbott компаниясы дербес деректерді қалай қорғайды?
Abbott компаниясының ережелерінің бірі дербес деректерді жинауды жүзеге асыратын компанияның әрбір веб-сайтының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Abbott компаниясы халықаралық шарттардың, Өзбекстан заңнамасының және дербес деректерді өңдеу және қорғау саласындағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес дербес деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз ету үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.
Abbott компаниясының дербес деректерді өңдеу кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралары мыналарды қамтиды:
· дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және дербес деректерді қорғау туралы заңнама талаптарын орындауға ішкі бақылауды жүзеге асыру;
· дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты адамды тағайындау;
· дербес деректерді өңдеу кезінде олардың қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді анықтау;
· дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізу фактілерін анықтау және олардың жолын кесу бойынша шаралар қолдану;
· рұқсатсыз қол жеткізу салдарынан өзгертілген немесе жойылған дербес деректерді қалпына келтіру;
· дербес деректерге қол жеткізу қағидаларын белгілеу, сондай-ақ дербес деректердің ақпараттық жүйесінде дербес деректермен жасалатын барлық іс-әрекеттерді тіркеуді және есепке алуды қамтамасыз ету;
· дербес деректерді қорғау жүйесін әзірлеу; және басқалар.
Алайда, интернет арқылы жіберілген дербес деректердің абсолютті құпиялылығы Abbott компаниясы қабылдаған шараларға байланысты болмауы мүмкін. Интернет арқылы дербес деректеріңізді беру кезінде сақ болуды ұсынамыз. Abbott компаниясы арнайы рұқсаты жоқ үшінші тұлғалардың сіздің дербес деректеріңізге қол жеткізе алмайтынына кепілдік бере алмайды; осылайша, дербес деректерді Abbott веб-сайттарына беру кезінде сіз пайда мен тәуекелдердің арасалмағын өзіңіз өлшеуіңіз керек. Бұдан бөлек, осы Саясаттың әрекеті қолданылатын Abbott компаниясының веб-сайттары Abbott компаниясының бақылауында емес веб-сайтқа өту туралы ескертуді жариялайды. Дербес деректеріңізді енгізбес бұрын, Сіз осындай үшінші тарап веб-сайттарының дербес деректерді өңдеуге қатысты саясатымен танысуыңыз керек.
Abbott клмпаниясы балалар ұсынатын құпия ақпаратты қалай қорғайды?
Біз балаларға өнімдерімізге тапсырыс беруге, бізбен байланысуға немесе кез келген онлайн қызметімізді пайдалануға әдейі жол бермейміз. Егер сіз ата-ана ретінде балаңыздың бізге қандай да бір ақпарат бергенін білсеңіз, төмендегі әдістердің бірімен бізге хабарласыңыз, біз бұл мәселені бірге шешуге тырысамыз.
Дербес деректерімді қалай түзете аламын немесе оларды қолданыстағы пайдаланушылар журналынан қалай өшіре аламын?
Сіздің қолдауыңызбен және сіздің келісіміңізбен Abbott компаниясы дербес деректерді нақты әрі жаңартылатын етіп сақтауды жүзеге асырады. Төмендегі әдістердің бірімен бізге хабарласу арқылы дербес деректеріңізді жоюды, түзетуді немесе толықтыруды талап ете аласыз.
Abbott компаниясы дербес деректерді қанша уақыт бойы сақтауды жүзеге асырады?
Әдетте, Abbott компаниясы Сіздің дербес деректеріңізді Abbott компаниясы бағынатын заңнамада белгіленген сақтау ұзақтығына қатысты қолданылатын ережелерді ескере отырып, олардың жиналған мақсаттары мен тапсырмалар орындалғанға дейін қажет болғанша сақтайды.
Abbott компаниясымен қалай байланыса аламын?
Егер сіз берген дербес деректерді қолдану, пайдалану, өзгерту немесе жою сипаты туралы сұрақтарыңыз болса немесе егер сіз Abbott компаниясымен одан әрі байланыстан немесе Abbott компаниясының белгілі бір бағдарламасына қатысудан бас тартқыңыз келсе, бізге webmaster-cis@abbott.com мекенжайы бойынша хабарласыңыз.
Сіз сондай-ақ келесі мекенжайға жазбаша сұраным жібере аласыз: Abbott Laboratories Attention: Public Affairs, Department 383 100 Abbott Park Road Abbott Park, IL 60064-6048 Мен Abbott компаниясының осы Саясатты өзгерткенін қалайша біле аламын?
Егер Abbott компаниясы осы Саясатты өзгертсе, онда Саясаттың жаңартылған нұсқасында кез келген өзгерістер көрсетіледі және біз Сізге тақырыпта көрсетілген жаңартылған құжаттың күшіне ену мерзімін жаңарту арқылы осы өзгерістер туралы хабарлаймыз. Сіздің құқықтарыңызға нұқсан келтірместен, қолданыстағы заңнама шеңберінде Abbott компаниясы осы Саясатқа технологиялық жетістіктерді, заңдардағы, ережелердегі және тиісті іскерлік практикадағы өзгерістерді көрсететін түзетулерді мезгіл-мезгіл енгізу құқығын өзіне қалдырады.