ONLINE ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ

Осы Онлайн пайдалану шарттары Сіздің Abbott компаниясы бақылайтын веб-сайттарға, соның ішінде осы Онлайн пайдалану шарттарына сілтеме жасайтын бөлімшелері мен филиалдарына (бірлесе «Abbott» деп аталады) қол жеткізуіңізді реттейді (бірлесе «Abbott компаниясының веб-сайттары» деп аталады). Осы Онлайн пайдалану шарттары осы Онлайн пайдалану шарттарына сілтеме жасамайтын Abbott компаниясының веб-сайттарына және Abbott компаниясының веб-сайттары байланысты болуы мүмкін үшінші тарап веб-сайттарына қолданылмайды. Сіздің Abbott компаниясының веб-сайттарын пайдалануыңыз осы Онлайн пайдалану шарттарының және Abbott компаниясының веб-сайттарында дербес деректерді өңдеуге қатысты саясатының әрекетіне жатқызылады.

Қолданыстағы заңнамада рұқсат етілген шектерде Abbott компаниясы технологиялық прогресті, заңдық және құқықтық өзгерістерді, тиісті бизнес-практиканы ескере отырып, осы Онлайн пайдалану шарттарына түзетулер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Егер Abbott осы Онлайн пайдалану шарттарына өзгертулер енгізсе, Онлайн пайдалану шарттарының жаңартылған нұсқасында тиісті өзгерістер көрсетіледі және біз жоғарыда көрсетілген Онлайн пайдалану шарттарының күшіне ену күнін жаңарту арқылы өзгерістердің бар екендігі туралы Сізді хабардар етеміз. Abbott веб-сайттарына кіру және пайдалану арқылы Сіз Abbott веб-сайттарына кірген кезде танысуға мүмкіндік алған қазіргі нұсқасындағы осы Онлайн пайдалану шарттарын оқығаныңызды, түсінгеніңізді және оны сақтауға келіскеніңізді мойындайсыз. Егер сіз осы Онлайн пайдалану шарттарымен келіспесеңіз немесе Abbott компаниясының веб-сайттарының қызметіне қанағаттанбасаңыз, Сіз үшін қолданыстағы заңнамада рұқсат етілген шектерде құқықтық қорғанудың жалғыз әрі айрықша тәсілі Abbott компаниясының осы веб-сайтын пайдалануды тоқтату болып табылады.

ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУ

Сіз төмендегілерді мойындайсыз және олармен келісесіз:

а. Abbott компаниясының веб-сайттарында біз әрқашан өз өнімдеріміз бен қызметтерімізге қатысты ең жаңа әзірлемелерді, сондай-ақ Abbott компаниясы туралы басқа да ақпаратты ұсынуға ұмтылатынымызға қарамастан, ақпарат «СОЛ ҚАЛПЫНДА» ұсынылған және техникалық дәлсіздіктерді, типографиялық қателерді қамтуы немесе өзекті болмауы мүмкін. Abbott компаниясы Abbott компаниясының веб-сайттары қамтитын ақпаратты кез келген уақытта алдын ала ескертусіз қосу, жою немесе өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

б. Abbott компаниясы Abbott компаниясының веб-сайттарында орналастырылған ақпаратқа немесе деректерге қатысты қандай да бір түрдегі не сипаттағы растама немесе кепілдік бермейді. Осы арқылы Abbott компаниясы қолданыстағы заңнамада рұқсат етілген шектерде заңда, келісімшартта немесе басқа жолмен белгіленген, айтылған немесе көзделген кез келген мәлімдеме немесе кепілдік үшін жауапкершіліктен бас тартады, ешбір жағдайда Abbott компаниясы кез келген түрдегі немесе сипаттағы, оның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей, тікелей, жанама не ерекше залал үшін (алынбаған пайданы қоса алғанда, Abbott компаниясының веб-сайттарының болуымен не оларды пайдаланумен байланысты немесе соның негізінде және/немесе Abbott компаниясының веб-сайттарында орналастырылған ақпаратқа немесе мәліметтерге байланысты туындаған залал үшін, компания мұндай залалдың ықтималдығын көздегеніне не көздемегеніне қарамастан, жауап бермейді.

в. Abbott компаниясы үшінші тұлғалардан алынған кез келген ақпараттың немесе мәліметтердің дәлдігіне, тиімділігіне, уақытылылығы мен қолайлылығына, соның ішінде үшінші тұлғалардың сайттарына немесе сайттарынан гиперсілтемелерге қатысты жауапкершілік алмайды және ешқандай кепілдік бермейді. Abbott компаниясының веб-сайттарында айтылған жағдайларды қоспағанда, Abbott компаниясы хабарландыру тақталарында, чаттарда және Abbott компаниясының веб-сайттарында орналастырылатын басқа да осыған ұқсас форумдарда үшінші тұлғалар ұсынатын ақпараттық мазмұнды редакциялауды, рецензиялауды немесе өзге де бақылауды жүргізбейді. Осыған байланысты, мұндай ақпарат күдікті ретінде қаралуы керек және Abbott компаниясы растамаған болып табылады.

г. Abbott компаниясының веб-сайттарында Abbott компаниясының алдағы оқиғалар мен бизнесті дамытуға деген үміттерін көрсететін болжамды мәлімдемелер орналастырылуы мүмкін. Болжамдық мәлімдемелер тәуекелдер мен белгісіздікті көздейді. Оқиғалардың нақты дамуы немесе нәтижелері болжанғаннан едәуір өзгеше болуы мүмкін және олар көптеген факторларға байланысты, соның ішінде (бірақ онымен шектелмейді) әзірленіп жатқан бағдарламалардың сәтті аяқталуы, ағымдағы немесе болашақ клиникалық зерттеулер нәтижелері, өнімді коммерциялық енгізу, фармацевтикалық препараттарды реттеушілік мақұлдау, патенттердің сенімділігі мен күшіне енуі, коммерциялық қатынастардың тұрақтылығы және жалпы экономикалық жағдайлар. Abbott өз веб-сайттарын үнемі жаңартып отыруға ниетті, бірақ өзіне веб-сайттардың кез келген ақпараттық мазмұнын жаңарту бойынша ешқандай міндеттеме қабылдамайды.

СІЗДІҢ ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗ

Сіз мыналарды түсінесіз, назарға аласыз және келісесіз:

а. Abbott компаниясының веб-сайттарын пайдалана отырып, сіз Abbott компаниясының веб-сайттарында немесе кез келген серверімізде орналастырылған электрондық ақпаратымызды өзгертуге және бұзбауға келісесіз. Сонымен қатар, сіз Abbott веб-сайттарының қауіпсіздік шараларын айналып өтуге тырыспауға және барлық қолданыстағы жергілікті, мемлекеттік, федералды және халықаралық заңдардың, қағидалар мен қаулылардың талаптарын сақтауға келісесіз.

б. Сіз Abbott компаниясына осы Онлайн пайдалану шарттарына және Abbott веб-сайттарындағы Дербес деректерді өңдеуге қатысты саясатқа сәйкес Abbott компаниясының веб-сайттарына жүктеп салған немесе басқа жолмен жіберген кез келген материалды пайдалану құқығын бересіз, бұл Abbott компаниясы жөн деп санаған кез келген тәсілмен, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, көшіру, қандай да бір форматта көрсету, жаңғырту немесе жариялау, материалдарды өзгерту, басқа материалдарға қосу немесе осы материалдарға негізделген жұмыстарды жүргізу.

в.       Abbott компаниясы арнайы уағдаласқан және алдын ала келісілген жағдайларды қоспағанда, Abbott компаниясы мен Abbott веб-сайтының пайдаланушысы арасындағы құпиялылық қатынастары Abbott веб-сайтының пайдаланушысы Abbott компаниясына ауызша, жазбаша немесе электронды хабарлама жіберген жағдайда туындамайды (кері байланыс, сұрақтар, пікірлер, ұсыныстар, идеялар және т.б.). Егер Abbott компаниясының кез келген веб-сайты жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді (мысалы, тегі, мекенжайы, телефон нөмірі, электронды пошта мекенжайы) қамтитын ақпаратты талап етсе немесе сұраса, Abbott компаниясы осы ақпаратты Abbott компаниясының веб-сайттарында дербес деректерді өңдеуге қатысты саясатта көрсетілген ережелерге сәйкес тиісті пайдаланушының келісімімен алуға, пайдалануға және сақтауға ниетті. Кері жағдайда, мұндай хабарламалар және олардың контексінде берілген кез келген ақпарат құпия емес болып саналады және Abbott компаниясы бұл ақпаратты кез келген мақсатта, соның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей, осы ақпаратты енгізуді көздейтін өнімдерді зерттеу, әзірлеу, өндіру, пайдалану немесе сату үшін жариялау немесе басқаша пайдалану құқығына ие болады. Abbott компаниясына қандай да бір ақпаратты жіберген адам оның сенімділігі, дәлдігі мен оның ешкімнің құқығын, соның ішінде меншік құқығын бұзбайтындығын қоса, мазмұны үшін толық жауап береді.

ӨНІМДІ ТАҢБАЛАУ

Abbott компаниясының жергілікті веб-сайттарында Abbott компаниясы және оның тиісті аумақта ресми тіркелген және еркін айналымдағы өнімдері туралы жалпы ақпарат, жергілікті заңнамаға қатаң сәйкес келетін жарнамалық материалдар, сондай-ақ жеке коммерциялық емес мақсатта танысу үшін немесе егер сіз медициналық, фармацевтикалық немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа да қызметкері болсаңыз, кәсіби деңгейіңізді арттыру үшін біз тиісті веб-сайтқа орналастыруды пайдалы деп тапқан басқа да ғылыми ақпарат бар.

Дегенмен, тиісті елдің жергілікті веб-сайттарында Abbott компаниясының шетелдік веб-сайттарына сілтемелер болуы мүмкін екеніне назар аударамыз. Мұндай жағдайда өнімдердің атаулары, сипаттамалары мен таңбалары АҚШ немесе сіздің тұрақты тұратын еліңіз болып табылмайтын басқа елдің заңнамасымен неғұрлым тығыз байланысты болуы немесе соған сәйкес жасалуы мүмкін. Кейбір өнімдер барлық елдерде қолжетімді болмауы немесе басқа сауда атауларымен, басқа дозада немесе басқа қолдану көрсеткіштерімен қолжетімді болуы мүмкін. Аталған өнімдердің көпшілігі денсаулық сақтау саласындағы жергілікті маманның тағайындауы бойынша босатылады.

Abbott компаниясы алдын ала келіскен жағдайларды қоспағанда, Abbott компаниясының, оның еншілес компаниялары мен филиалдарының директоры, қызметкерлері, агенттері немесе өкілдері Abbott компаниясының веб-сайттары арқылы медициналық консультациялар жүргізуге, диагностикалауға, емдеуге немесе қандай да бір қарым-қатынас (мысалы, «дәрігер-пациент») тудыруы мүмкін басқа да медициналық қызметтерді жүзеге асыруға қатыспайды. Қандай жағдай болмасын, біздің веб-сайттарда орналастырылған өнімдеріміз туралы ешбір ақпарат тікелей маманның кеңесі немесе тиісті маманның (дәрігердің) осындай кеңесіне балама ретінде қарастырылмауы және түсінілмеуі керек. Abbott өнімдерінің қолдануға қарсы көрсетілімдері бар екеніне назарларыңызды аударамыз, сондықтан оларды қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысып, дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет.

Ешбір жағдайда Abbott компаниясының веб-сайттарында орналастырылған ақпарат Сіздің денсаулығыңыз бен ықтимал ауруларыңызды өз бетінше диагностикалау үшін пайдаланылмауы керек.

Өзбекстан заңнамасының талаптарына сәйкес, Abbott веб-сайттарының кейбір бөлімдерінде орналасқан ақпарат тек медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің басқа қызметкерлеріне арналған болуы мүмкін. Бұл жағдайда мұндай бөлімдерге қол жеткізу Рецептік дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бойынша бөлімді пайдалану қағидаларында көрсетілген ережелерге сәйкес шектелуі мүмкін, оларды пайдалану үшін арнайы дайындық қажет. Мұндай бөлімдерге кіру үшін Abbott Сізден медицина немесе фармацевтикаға қатысты кейбір сұрақтарға жауап беруді және/немесе тиісті веб-сайтқа кіру сәтіне медициналық, фармацевтикалық немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа қызметкерінің нақты мәртебесін растау мақсатында веб-сайттарда қосымша тіркеуді жүзеге асыру жолымен ақпарат беруді сұрау құқығын өзіне қалдырады.

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК

Abbott компаниясының веб-сайттарында жарияланған ақпарат, құжаттар мен тиісті графика (бұдан әрі — «Ақпарат») Abbott компаниясымен келісімшарттық қатынастармен байланысқан үшінші тұлғаға берген ақпаратты қоспағанда, Abbott компаниясының айрықша меншігі болып табылады. Ақпаратты пайдалануға рұқсат мына шарттармен беріледі: (1) Барлық көшірмелерде түпнұсқа дереккөзге және жоғарыда аталған авторлық құқық туралы мәлімдемеге сілтеме беріледі; (2) Ақпарат коммерциялық емес ақпараттық мақсаттарда және тек жеке пайдалану шеңберінде пайдаланылады; (3) Ақпарат ешқандай жолмен өзгертілмейді; (4) Abbott компаниясының осы веб-сайтында ұсынылған графикалық кескіндер оларға ілеспе мәтіннен бөлек пайдаланылмайды. Abbott үшінші тарап ұсынған ақпараттық мазмұн үшін жауап бермейді және Сіз мұндай материалдарды олардың авторлық құқық иелерінің рұқсатынсыз пайдалануға және таратуға құқылы емессіз. Жоғарыда сипатталған рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, ешкімге Abbott компаниясының патенттері, сауда белгілері немесе басқа меншік құқықтары бойынша айқын және болжамды лицензиялар немесе құқықтар берілмейді.

Abbott компаниясының веб-сайттарында Abbott компаниясының сауда белгілерін, сауда атауларын, фирмалық стилін немесе өнімдерін пайдалануға Abbott компаниясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз рұқсат етілмейді.

ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК

Abbott компаниясы осы веб-сайт арқылы берілген ақпаратыңыздың құпиялылығын сақтауға міндеттенеді. Біз тұтынушылар мен Abbott веб-сайттарына кірушілер үшін құпиялылықтың маңызын түсінеміз. Біздің дербес деректерді пайдалануымыз Abbott компаниясының веб-сайттарында дербес деректерді өңдеуге қатысты саясатымызбен анықталады, Сіз Abbott компаниясының веб-сайттарын пайдалана отырып, онымен келісетініңізді растадыңыз.

Осы арқылы Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді Abbott компаниясының веб-сайттарына жіберу кезінде, Abbott компаниясында рұқсатсыз қол жеткізуді немесе қолсұғушылықты болдырмау үшін пәрменді қорғау шаралары болуына қарамастан, Abbott компаниясының веб-сайттарына ұсынылған дербес деректеріңіздің абсолютті құпиялылығы Abbott компаниясы қабылдаған шараларға толығымен байланысты бола алмайтындығын мойындайсыз және сонымен келісесіз.

Егер біздің күш-жігерімізге қарамастан, қолсұғушылық немесе рұқсат етілмеген қол жеткізу орын алса, Abbott компаниясы мұндай қолсұғушылыққа немесе рұқсат етілмеген қол жеткізуге, сондай-ақ тұтынушы немесе пайдаланушы зардап шегетін кез келген тікелей, жанама, ерекше, кездейсоқ немесе салдар ретінде келтірілген залал (соның ішінде алынбаған пайда) үшін қолданыстағы заңнамада рұқсат етілген шектерде жауап бермейді ), тіпті егер бұрын Abbott компаниясы мұндай залал мүмкіндігі туралы ескертілген болса да, Abbott компаниясы пайдаланушы берген ақпаратқа қол сұғылмайтынына немесе рұқсат етілмеген қол жеткізілуіне тікелей немесе жанама кепілдік бермейді және белгілі бір мақсаттарда қолданылған кезде коммерциялық сапасы мен жарамдылығына қатысты әлеуетті кепілдіктер де бермейді. Құпия сөз құпиялылығының сақталуына әр пайдаланушы өз бетінше жауап береді.

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ

Abbott компаниясы Abbott компаниясының веб-сайттарына жіберілген немесе басқа жолмен түскен материалдарға, ақпаратқа немесе пікірлерге қатысты ешқандай міндеттеме қабылдамайды. Сіз бұл материалдардың, ақпараттың және пікірлердің сенімділігіне тек өз тәуекеліңізбен сене аласыз. Abbott компаниясы Abbott компаниясының веб-сайттарын немесе оларға ұсынылған материалдарды пайдалану нәтижесінде келтірілген зиян және/немесе залал үшін жауап бермейді.

Abbott компаниясының веб-сайттары, сайт мазмұны, веб-сайттарда немесе Abbott компаниясының веб-сайттары арқылы ұсынылатын өнімдер мен қызметтер «сол күйінде» және «түсуіне қарай» түрінде, яғни осыдан келіп шығатын барлық салдарларын қоса ұсынылған. Ешбір жағдайда Abbott компаниясы немесе оның жеткізушілері немесе, сәйкесінше, олардың басшылары, қызметкерлері немесе агенттері (төменде «Abbott-пен байланысты тұлғалар» деп аталады) Сіздің Abbott компаниясының веб-сайттарын, сайттар материалдарын, сайттарда не олар арқылы немесе олармен байланысты кез келген сайттарда көрсетілетін қызметтерді пайдалануыңызға немесе пайдалана алмауыңызға байланысты, не одан туындаған кез келген залал үшін жауап бермейді, соның ішінде: кез келген ерекше, жанама, айыптық, кездейсоқ, жазалау тәртібімен белгіленген немесе соның салдарынан келтірілген залал, оның ішінде (бірақ онымен шектелмей) қызметтердің кешігуімен, уақытша тоқтатылуымен, вирустармен, файлдарды немесе электронды хабарламаларды жоюмен, Abbott веб-сайттарындағы немесе сайт материалдарындағы қателіктермен, қателіктермен немесе басқа дәлсіздіктермен байланысты зиян, алынбаған пайда немесе залал (бұл Abbott компаниясы тарапынан қандай да бір олқылықпен байланысты ма, жоқ па және Abbott компаниясы мұндай залал ықтималдығы туралы ескертілді ме, жоқ па – оған байланыссыз).

Қолданыстағы заңнамада рұқсат етілген шектерде Сіз қолданыстағы заңнамаға қарамастан, Abbott компаниясының веб-сайттарынан немесе осы Онлайн пайдалану шарттарынан туындайтын немесе соған байланысты талап қоюға негіз туындағаннан кейін 1 (бір) жылдан астам уақыт өткен соң талап қоя алмайтындығыңызға келісесіз.

Есіңізде болсын, Abbott компаниясының веб-сайттарына қосымша ресми хабарламалар, бас тарту туралы мәлімдемелер және басқа ережелер мен шарттар қолданылуы мүмкін

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Осы арқылы Сіз осы Онлайн пайдалану шарттары мен Abbott компаниясының веб-сайттарындағы дербес деректерді өңдеуге қатысты саясат бірыңғай бөлінбейтін келісім болып табылатынына келісесіз. Осы арқылы Сіз осы Онлайн пайдалану шарттарын және Abbott компаниясының веб-сайттарында дербес деректерді өңдеуге қатысты саясатты оқып танысқаныңызды келісесіз. Сіз олармен келіскеніңізді растайсыз және көрсетілген Онлайн пайдалану шарттары, сондай-ақ Abbott веб-сайттарының жұмыс істеуінің басқа шарттары, соның ішінде Иллинойс штатының заңдарымен және АҚШ басқа федералды заңдарымен реттелетіні туралы хабардарсыз. Иллинойс штатының заңдары осы Онлайн пайдалану шарттарының орындалуын Өзбекстан заңнамасының, атап айтқанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың императивті нормаларына қайшы келмейтін дәрежеде бақылайтын болады. Егер құзыретті сот органдары осы Онлайн пайдалану шарттарының қандай да бір ережесі жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп шешсе, Сіз осы Онлайн пайдалану шарттарының қалған ережелері өзінің толық күші мен қолданысын сақтайтынына келісесіз.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Сіз Abbott компаниясының веб-сайттарына қол жеткізу немесе веб-сайттарды және олардағы ақпаратты басқа жолмен қолдану арқылы пайдалануға бағытталған кез келген әрекеттеріңізге байланысты осы Онлайн пайдалану шарттарымен танысқаныңызды және Онлайн пайдаланудың осындай шарттарымен толық келіскеніңізді растайсыз. Осылайша, сіз Abbott компаниясының веб-сайттарына кіру және оларда қамтылған кез келген ақпаратты пайдалану процесінде ешқандай шектеусіз немесе ескертусіз шарттарды сөзсіз орындау және оларды сіздің тарапыңыздан орындауды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді автоматты түрде қабылдайсыз.

ҚОЛДАНУҒА ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР

ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСЫҢЫЗ НЕМЕСЕ МАМАННАН КЕҢЕС АЛЫҢЫЗ