Article Banner

АС ҚОРЫТУДЫ ЖАҚСАРТУҒА АРНАЛҒАН ПРЕПАРАТТЫ
ТАҢДАУДА ҚАЛАЙ ҚАТЕЛЕСПЕУГЕ БОЛАДЫ?

Белсенді заттың бірдей болуы барлық ферменттік препараттар бірдей дегенді білдірмейді. Мұнда өз ерекшеліктері бар.

№ 1 КРИТЕРИЙ: ТАБЛЕТКА НЕМЕСЕ КАПСУЛА?

Бүгінгі таңда ферменттік препараттар таблетка және капсула түрінде қолжетімді.

Таблеткалар тұтас пішін болып табылады. Оны бөлуге болмайды, себебі бұл қорғаныш қабығының бұзылуына және ферменттердің асқазанда ыдырауына/инактивациясына әкеледі. Біз ферменттер өз жұмысын бастауы үшін ішекке енуі керек екенін білеміз! Бұдан бөлек, таблеткаларды жұтудың қиындығына байланысты оларды жас балалар мен қарт адамдарға қабылдау ыңғайсыз.

Капсула панкреатинді асқазанның бұзғыш ортасынан «қорғаушы» рөлін атқарады. Капсула ерігеннен кейін оның ішіндегісі тамақпен араласып, одан әрі әр тамақ бөлігін ыдыратып, сіңіру үшін ішекке дейін «ілесе баруы» керек.

 

№ 2 КРИТЕРИЙ: ӨЛШЕМНІҢ МАҢЫЗЫ БАР!

Препаратқа байланысты капсуланың ішінде әртүрлі көлемдегі белсенді зат (панкреатин) бөлшектері болады.
Ферменттік препараттардың тиімділігін арттыру бойынша жұмыс күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Эволюция ферменттік препараттар бөлшектерінің көлемін кішірейту жолымен жүруде.
Өте ұсақ бөлшектері бар препараттар асқазандағы тамақпен жақсы араласуды қамтамасыз етеді және оның әр бөлігімен бірге ішекке өтеді13. Егер препарат асқазанда қалса, онда оның әсері болмайды.
Бүгінгі таңда панкреатиннің ең заманауи шығарылу түрі ас қорыту бұзылыстарына неғұрлым тиімді көмек көрсету үшін арнайы жасалған минимикросфералар болып табылады1,2,3.
Ферменттік препараттың тиімділігі панкреатин бөлшектерінің көлеміне тікелей байланысты: олар неғұрлым ұсақ болса, препарат соғұрлым тиімді болады3.
Көптеген жылдар бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ғалымдар препараттың табиғи ас қорыту процесін мүмкіндігінше сапалы қолдауға мүмкіндік беретін көлемін анықтады.
Қазіргі әлемдік ғылыми еңбектерде ферменттік препараттағы панкреатин бөлшектерінің көлемі 2 мм аспауы керек екендігі жазылған3,4.

№ 3 КРИТЕРИЙ: СЕНІМДІ ҒЫЛЫМИ БАЗА

Дәл осы түпнұсқа препаратта оны нарыққа шығару үшін қажетті қауіпсіздік пен тиімділік бойынша клиникалық зерттеулер жүргізіледі.

Түпнұсқа препаратты өндіруші компания оның қауіпсіздігі мен адамға көмектесуде тиімділігін дәлелдеу үшін қажетті клиникалық зерттеулер жүргізуі тиіс.
2006 жылы АҚШ Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитариялық қадағалау басқармасы, Дәрілік заттарды бағалау және зерттеу орталығының сарапшылары панкреатиндік сығындысының дәрілік зат ретінде барабар сипатталуын талап ететін нұсқаулықты бекітті (ферменттердің әртүрлі кластарының химиялық сәйкестілігі, биологиялық белсенділігі және т.б.)
Минимикросфера түріндегі панкреатинге барлық химиялық, физикалық және биологиялық зерттеулер жүргізілген және ол мәлімделген сипаттамаларға сәйкес келеді6.

ДЕРЕККӨЗДЕР

  1. Лер М. және бірл. авт. Ұйқы безінің экзокринді жеткіліксіздігінде қолданылатын әртүрлі панкреатин препараттарының қасиеттері. Еуропалық Гастроэнтерология, Гепатология Журналы 2009; 21 (9):1024-31
  2. Губергриц Н. Б., Ферменттік препараттардың терапиялық мүмкіндіктерін кеңейту: таблеткадан Креон® минимикросфераларына дейінгі прогресс, «РМЖ» №24 19.12.2004 ж. 1395-б.
  3. Лер М. және бірл. авт. Созылмалы панкреатитті диагностикалау және емдеу жөніндегі біріккен Еуропалық гастроэнтерологиялық қауымдастық ұсыныстары, Бірл.еуропалық гастроэнтерология журналы, 2017 Маг; 5 (2):153-199.
  1. Ивашкин В.Т., Маев И.В., Охлобыстин А.В. бірл.авт. Ұйқы безінің экзокринді жеткіліксіздігін диагностикалау және емдеу бойынша Ресейлік гастроэнтерологиялық қауымдастық ұсыныстары. РЭГГК, 2018; 28(2): 72-100
  2. Food and Drug Administration «Exocrine Pancreatic Insufficiency Drug Products; Draft Guidance for Submitting New Drug Applications; Notices.April 28, 2004
  3. Amal Salhi, Sawsan Amara et al., 2020) [Amal Salhi, Sawsan Amara, Pascal Mansuelle, Rémy Puppo, Régine Lebrun, Brigitte Gontero, Ahmed Aloulou, Frédéric Carrière, Characterization of all the lipolytic activities in pancreatin and comparison with porcine and human pancreatic juices // Biochimie. – 2020. – Vol. 169. – P. 106-120].

ҚОЛДАНУҒА ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР

ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСЫҢЫЗ НЕМЕСЕ МАМАННАН КЕҢЕС АЛЫҢЫЗ