Article Banner

АС ҚОРЫТУ:

Ас қорыту процесіне асқазан-ішек жолының барлық мүшелері
қатысады. Шайнау кезінің өзінде тамақ сілекеймен,
ал асқазанда асқазан сөлімен өңделеді. Асқазаннан тамақ
аз-аздап ішекке енеді, онда ас қорыту ферменттерінің әсерінен
қоректік заттардың ыдырауы және сіңірілуі жүреді.

Ас қорыту ферменттері — бұл
көмірсуларды, ақуыздар мен майларды
ыдырату арқылы кейіннен ағзаға сіңіруге
арналған қосылыстардың ерекше типі.

Асқазан-ішек жолының әр бөлімі өз міндеттерін орындайды
және олар бірге өмірлік маңызды процестерді қамтамасыз
ететін біртұтас жүйені құрайды. Қайсыбір бөлімдегі
бұзушылықтар бүкіл жүйенің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Ферменттер қайдан алынады?

Ас қорыту ферменттерінің негізгі «жеткізушісі» ұйқы безі болып табылады. Ол ферменттердің бірнеше түрін шығарады — әр тағам компоненті үшін «өзінікі»:

Ferments imageFerments mobile image

Біз тұтынатын тағамның көлемі мен сипатына қарай ұйқы безі ферменттердің тиісті мөлшері мен түрін шығарады. Бұл әр тамақтану кезінде болады. Мұнымен қоса, асқазаннан ішекке түсетін тамақтың әр бөлігі ферменттермен «өңделеді»1.

Ағза әр тамақтану кезінде ферменттер шығарады!

Ұйқы безі ішперде артындағы кеңістікте орналасқан. Адам көлденең қалыпта жатқанда без дәл асқазанның астында орналасады, осыдан оның атауы пайда болған. Ұйқы безінің көлемі шағын: оның ұзындығы небәрі 14–18 см, салмағы 100 г аспайды. Ферменттер өндіруден басқа, оның тағы бір маңызды қызметі ағзадағы көмірсу алмасуына әсер ететін гормондар шығару болып табылады2.

ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА МЫНАЛАР ӘКЕЛУІ МҮМКІН:

  • Қазіргі заманғы стрестер
  • Үйлестірілмеген тамақтану, артық тамақтану немесе диета
  • Зиянды әдеттер
  • Асқазан-ішек жолының, ең алдымен ұйқы безінің ауруы

Нәтижесінде ферменттер синтезінің
төмендеуі
немесе олардың белсендірілуі ас
қорытудың бұзылуына әкеледі және фермент
жеткіліксіздігі симптомдарынан көрінеді.

Фермент
жетіспеушілігі3

Ас қорыту жүйесінің қоректік заттарды сіңіру мүмкіндігі мен тамақ құрамы және/ немесе көлемі арасындағы сәйкессіздік «фермент жетіспеушілігі» немесе «фермент тапшылығы» деп аталады; көбінесе оның пайда болуын ұйқы безі қызметінің бұзылуымен және панкреатиндік ферменттер жетіспеушілігімен байланыстырады.

ҰБ
қызметінің бұзылуы*
+ Панкреатиндік
ферменттер
жетіспеушілігі

*Ұйқы безі қызметінің бұзылуы және панкреатиндік ферменттер жетіспеушілігі.

Фермент жеткіліксіздігінің симптомдары3.

Digestion Symptom

Негізгі симптомдарының бірі нәжістің өзгеруі болып табылады, ол жиілейді, көлемі ұлғаяды, майлы консистенцияға ие және өткір иісті болады, онда қорытылмаған тағам қалдықтары болуы мүмкін.

Digestion Symptom

Мұнымен қоса, асқазанды кернеу сезімі, метеоризм, іштің ауыруы, тәбеттің төмендеуі, жалпы әлсіздік және басқалар болуы мүмкін.

ЖАҒЫМСЫЗ СИМПТОМДАРМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСУГЕ БОЛАДЫ?

Үйлестірілген тамақтану өзін-өзі сезінуді жақсартуда шешуші рөл атқарады. Ағзаны ақуыздардың, майлар мен көмірсулардың оңтайлы арақатынасымен қамтамасыз ету арқылы ұйқы безіне түсетін қосымша жүктеме алынып тасталады.
Ас қорытуды реттеуге өз ферменттері жетіспеушілігінің орнын толтыратын арнайы препараттар көмектеседі. Мұндай препараттар ферменттік деп аталады.

Ферментпен алмастырғыш терапияның эволюциясы4

1859ж.

Arrow

Француз физиологы Клод Бернард ұйқы безі сөлінен панкреатин деп аталатын затты бөліп алды. Осы сәттен бастап панкреатиндік препараттар жасауда шолу тарихы басталды.

1879ж.

Arrow

Осы жылдан ас қорытуды жақсартуға арналған өнеркәсіптік дәрі-дәрмектер тарихы бастау алады, енді олар ұнтақ түрінде шығарыла бастады. Неміс дәрігері Герман мінсіз панкреатиннің алғашқы сипаттамаларын анықтады. Содан бері олар толықтырылуда.

Біздің заманымыз

Бүгінгі күні ас қорытудың физиологиялық процесін қалпына келтіруге арналған «мінсіз» ферменттік препаратқа қойылатын талаптар тізімі бекітілді5:

  • жылдам босатылу
  • аш ішекте белсендіру
  • тамақ кесегімен араласу үшін бөлшектер көлемінің минималды болуы
*дәрілік заттың сыртқы түрі келтірілген көркемдік бейнеден өзгеше болуы мүмкін

АС ҚОРЫТУДЫ ЖАҚСАРТУҒА АРНАЛҒАН ПРЕПАРАТТАР ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛГЕН МАҢЫЗДЫ?

  1. Ферменттер көмірсулардың, майлар мен ақуыздардың ыдырауына қатыса отырып, олардың сіңірілуін қамтамасыз етеді

    Arrow

    Бір қызығы, адамның ұйқы безі әр тамақтану кезінде 720 000 бірлікке дейін фермент шығарады1! Сырттан алынатын ферменттер тек ұйқы безінің «көмекшілері» болып табылады және оның өзіндік жұмысын төмендетуге ықпал етпейді.

  2. Ферменттік препараттар әр тамақтану кезінде қажет

    Arrow

    Сырттан алынатын ферменттер өзіндік ас қорытуды толықтырады, сондықтан ағзаның өзі ферменттер шығаратын кезде тамақпен бірге келіп түсуі керек2.

  3. Препараттардың көпшілігінде бірдей белсенді зат — панкреатин бар

    Arrow

    Қолданыстағы препараттар белсенді затқа сәйкес топтарға біріктіріледі, оны халықаралық патенттелмеген атауы — ХПА деп те атайды.
    Панкреатин құрамында адамның ұйқы безі шығаратын ас қорыту ферменттері, яғни амилаза, протеаза және лиапаза кіреді6.
    Құрамында бірдей белсенді зат болуына қарамастан, ферменттік препараттар бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін. Препарат тиімділігі тек құрамымен ғана емес, айтарлықтай дәрежеде панкреатин бөлшектерінің көлемімен анықталады3,4,5.

АС ҚОРЫТУДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАУ ҮШІН НЕ ҚАЖЕТ?

  • Белсенді зат — панкреатиннің
    ұсақ бөлшектерінің болуы5
  • Асқазандағы тамақпен
    біркелкі араласуы5
  • Тамақтың әр бөлігімен бірге ас
    қорытудың негізгі кезеңі үшін ішекке ену5

ФЕРМЕНТТІК ПРЕПАРАТТЫҢ ТИІМДІЛІГІ ПАНКРЕАТИН БӨЛШЕКТЕРІНІҢ КӨЛЕМІНЕ ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ: ОЛАР НЕҒҰРЛЫМ ҰСАҚ БОЛСА, ПРЕПАРАТ СОҒҰРЛЫМ ТИІМДІ БОЛАДЫ5!

Таблетка тұтас шығарылу түрі болғандықтан, бұл шарттардың орындалуын қамтамасыз ете алмайды2. Кішкентай бөлшектері бар препарат қана адамның жұмыс істеп тұрған ас қорыту жүйесіне дәл ене алады: ас қорыту ферменттерін дәл олар жұмыс істеу керек жерге және бұл ағзада табиғи жағдайда жүріп жатқан кезде жеткізеді. Мұндай тұжырым ферменттік препараттардың тиімділігіне арналған әлемдік және ресейлік ғылыми еңбектерде жазылған5,7.

ДЕРЕККӨЗДЕР

  1. Keller J., Layer P. Human pancreatic exocrine response, to nutrients in health and disease. Gut 2005;54 (Suppl 6): vil-28.10.1136/gut.2005.065946.
  2. Саблин O.A., Бутенко E.B. Гастроэнтерологиядағы ферменттік препараттар / / Consilium-Medicum. – 2004. – 6-том. – № 1. Гастроэнтерология.
  3. Лер М. және бірл. авт. Ұйқы безінің экзокринді жеткіліксіздігінде қолданылатын әртүрлі панкреатин препараттарының қасиеттері. Еуропалық Гастроэнтерология, Гепатология Журналы 2009; 21 (9):1024-31
  4. Губергриц Н. Б., Ферменттік препараттардың терапиялық мүмкіндіктерін кеңейту: таблеткадан Креон® минимикросфераларына дейінгі прогресс, «РМЖ» №24 19.12.2004 ж. 1395-б.
  1. Лер М. және бірл. авт. Созылмалы панкреатитті диагностикалау және емдеу бойынша біріккен Еуропалық гастроэнтерологиялық қауымдастық (HaPanEU) ұсыныстары. Бірл.еуропалық гастроэнтерология журналы, 2017 Маг;5 (2):153-199.
  2. Губергриц Н.Б. Украинадағы панкреатологияның өнегелік мәселелері Сучасна гастроентеролопя, 2007; 2 (34): 80-86.
  3. Ивашкин В.Т., Маев И.В., Охлобыстин А.В. бірл.авт. Ұйқы безінің экзокринді жеткіліксіздігін диагностикалау және емдеу бойынша Ресейлік гастроэнтерологиялық қауымдастық ұсыныстары. РЭГГК, 2018; 28(2): 72-100

ҚОЛДАНУҒА ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР

ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСЫҢЫЗ НЕМЕСЕ МАМАННАН КЕҢЕС АЛЫҢЫЗ